Жаңалықтар

Пайызы төмен деп алдаса, заңға тартылады

Енді микрокредит беретін ұйымдар (МҚҰ) халықты жарнама арқылы жаңылыстырса немесе заң талаптарын орындамаса, қомақты айыппұл арқалайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми түрде ескерту жасады, деп жазады Ozgeris.info.

Егер микроқаржы ұйымы жарнамасында нақты пайыздық мөлшерлемені (ЖТСМ) көрсетпесе  заң алдында жауап береді. «Пайызы төмен» деп жұртты алдап тартып, шын мәнінде қымбат несие ұсынса 50 АЕК, яғни шамамен 196 600 теңге айыппұл төлейді. Демек, бұдан былай жарнамада шындықты бүгіп қалу – заң бұзушылық деп танылады. Микроқаржы ұйымы, ломбард немесе несие серіктестігі ретінде тіркеліп, бұл туралы агенттікке дер кезінде хабар бермесе, ол да заңбұзушылық болмақ. Мұндай жағдайда ұйымға 20-40 АЕК көлемінде, яғни 78 600-157 200 теңге аралығында айыппұл салынады. 2025 жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енген жаңа талаптар бойынша, заңды бұзған коллекторлық агенттіктерге салынатын айыппұл көлемі екі есе өскен. Бұл борышкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.
Барлық жаңалық