Қазақстанда қосылған құн салығы (ҚҚС) 16% деңгейінде белгіленсе, әлеуметтік салық пен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗҚ) алынып тасталмайды. Бұл туралы Алматыда вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің бизнес өкілдерімен кездесуінде айтылды.
Бұған дейін әлеуметтік салық пен ЖМЗҚ-ны жою мүмкіндігі қарастырылған, бірақ бұл тек ҚҚС-ты 20%-ға дейін көтеру жағдайында ғана жүзеге асуы мүмкін еді.
«Мұндай жағдайда мемлекет әлеуметтік аударымдарды жұмыс берушінің орнына өтеу үшін кіріс көздеріне ие болар еді. Алайда қазіргі уақытта ұсынылып отырған 16% ҚҚС мөлшерлемесінде әлеуметтік төлемдерді өзгеріссіз қалдыру көзделіп отыр», – делінген үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
11 ақпанда премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова да ҚҚС мөлшерлемесі бойынша шешім қабылданғанға дейін әлеуметтік төлемдерді алып тастау мәселесі қарастырылмайтынын атап өтті.
ПІКІР ЖАЗУ