Ақтау қаласының тұрғыны @podslushano_aktau12 Instagram парақшасына жаяу жүргіншілер жолының жағдайы нашар екенін айтып, бейнежазба жіберді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бейнежазба авторының айтуынша, ол әкімдікке екі ай бұрын өтінішін айтқан, бірақ қазіргі күнге дейін жол жөнделмеді.
Осыдан 2 ай бұрын осыны мен әкімдікке жібердім. Әкімдіктің қай департаменті екенін білмеймін, маған «Мердігер компанияға айтылды, жасалады, деді. Ештеңе өзгерген жоқ, міне. Одан да жаман болып кеткен сияқты. Қаланың сәнін бұза бермей, мердігер компанияларымыз ақшаны, жеуді ойламай, ауызына сала бермей, жасаңдаршы. Өзіміздің Ақтауымыз ғой. Айтпасақ, жатысы мынау. Айтсақ, өзімізге сөз келгендей. Сендерден не сұрап жатырмыз? Ай сұрадық па, күн сұрадық па? Қараңдаршы. Неше ай болды, мен жаз бойы балалармен қыдырып жүрдім, өзім 17-де тұрамын (17 шағынауданы). Қыдырып жүрдім, сол кезде үнемі көретінім осы. Арбамен шығамын, арбамен мына жолда жүру мүмкін емес. Амал жоқ, ұялғаннан қара жолмен жүреміз. Өйткені, мына жерде жүру мүмкін емес. Қайта-қайта тіреліп, құлатуым мүмкін. Сондықтан шара қолдануыңызды сұраймын. Басқа амал қалған жоқ. Түсірмейін деп едім, өздеріңіз жасайтын шығарсыздар деп. Бірақ ұят болып кетті, неше ай жатыр? Жаз бойы жатқанын анық білемін. Көктемде жаңбырдан түсіп кеткен шығар, білмеймін. Бірақ енді жаз бойы осындай болып тұрды, дейді бейнежазба авторы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ПІКІР ЖАЗУ