МОТИВАЦИЯНЫ ДАМЫТАТЫН 9 ӘДЕТ

bitcop.ru

Өз өміріңіздің қандай да бір аспектілерін өзгерткіңіз келеді ме? Бірақ неден бастау керектігін білмейсіз бе? Онда төменде көрсетілген әдеттер бойынша жұмыс жасаңыз.

  1. Ерте тұру

Барлық табысты адамдар, ерте тұрады. Ерте тұрудың өзіңдік бір ерекше сиқыры бар. «Энергияның көп бөлігі таң алдындағы уақытқа тиесілі. Мен жарық түскеннен кейін оянғанда, әлем менсіз өмірін бастап кеткенін сеземін» — дейді Терри Гиллеметс. Зерттеулер көрсеткендей, ерте тұрған адамдар әдетте ертерек ұйықтап, ұзақ және сапалы ұйықтаудан ләззат алады.

  1. Ынтамен оқу

Егер сіз күніне теледидар немесе компьютер алдында бір сағат отыруды пайдалы және қызықты кітап оқумен алмастырсаңыз, онда сіз айналаңыздағы ең ақылды адам боласыз. Сіз сұрақтарға тезірек жауап таба аласыз, сізбен сөйлесу қызықты болады, көп нәрсе өздігінен пайда болады. Марк Твен айтқандай, «Жақсы кітап оқымайтын адамның оқи алмайтын адамнан артықшылығы жоқ».

  1. Өмірді жеңілдету

Өмірді жеңілдету – бұл құлдырау, өсуге деген кедергілерді жою, процестерді оңтайландыру, өмір сапасын жақсарту, оған үйлесімділік пен ләззат әкелу. Өмірді жеңілдету арқылы біз оны тәртіпке келтіре аламыз және өз ойларымызды анық көріп, мақсаттарды жүзеге асырып, жолды анықтай аламыз. Көбінесе мұндай «толық қайта қараудан» кейін өмірде ішкі үйлесімділік пен ләззат, күнделікті қуаныш пен шынайы ризашылық үшін қажет нәрсенің бәрі бар екені белгілі болды.

  1. Қарқынды бәсендету

Тұрақты күйзелісте және хаоста өмірден ләззат алу мүмкін емес. Өзіңізге тыныш уақыт табыңыз, тоқтаңыз, өзіңізді және ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Сіз үшін маңызды нәрсенің бәріне назар аударыңыз. Айналада тыныштық орнаған кезде ерте тұруды, медитация, ой жүгіртуді,  жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз. Өмірдің қарқынын бәсеңдетсеңіз, сонда сіз қуғанның бәрі өзі сізді қуып жетеді.

  1. Жаттығу

Тұрақты белсенділік – денсаулықты сақтайды. Егер сізде қазір жаттығуға уақыт болмаса, ерте ме, кеш пе денсаулықты сақтау үшін оларды жасай бастайсыз. Спортпен тек спортзалдарда ғана емес, үйде де айналысуға болады.

  1. Күнделікті тәжірибе

Адам неғұрлым көп жаттығу жасаса, соғұрлым бақытты болады. Сәттілік –бұл тәжірибенің мүмкіндікті кездестіретін жері. Тәжірибесіз талантыңызды көрсету қиын. Сондықтан тәжірибе  арқылы сіз өзіңіздің қабілетіңізді көрсетуге мүмкіндік аласыз.

  1. Қоршаған орта

Дәл осы әдет сіздің жетістіктеріңізді тездетеді. Өзіңізді позитивті, жігерлі адамдармен қоршаңыз. Олар ең жақсы қолдау және мотивация. Депрессия кезінде достарыңызбен қарым-қатынас сізді аяғыңызға көтере алады.

  1. Алғыс журналын бастаңыз

Бұл әдет ғажайыптар жасай алады. Бар нәрсеңіз үшін рақмет,алғыс айтыңыз. Алғыс айту қуаныштың жаңа себептерінің пайда болуына ықпал етеді. Алғыс айту журналы күннің соңында соңғы тәулікте болған барлық жағымды оқиғаларды еске түсіріп, жазып алу керек деп болжайды. Бұл жаттығу өзіңізді сенімді сезінуге және прогресті көруге көмектесе отырып, жағымды оқиғалар мен адамдарға назар аударуды үйретеді. Жаман күндерде өзіңіздің көңіл-күйіңізді көтеру және сізде бар барлық жақсылықтарды еске түсіру үшін күнделікке жүгініңіз.

  1. Табанды болыңыз

Эдисон электр шамын ойлап тапқанға дейін 10 000 сәтсіз әрекет жасады. Уолт Дисней Диснейлендті құру үшін әр түрлі банктерден 303 бас тартуды тыңдауға мәжбүр болды. Сондықтан да табандылық – көптеген жағдайларда табысқа жетудің кілті, дегенмен маңыздысы қашан табандылық таныту керек екенін біледі.

Егер сіз қалаған нәрсеге қол жеткізгіңіз келсе, табанды болыңыз және берілмеңіз!

 

 

Калиева Томирис