Үкіметте су тасқыны жағдайы және ықтимал су басуға дайындық шаралары талқыланды. Ең жоғары қауіп аймағына елдің батыс, солтүстік және шығыс өңірлері кірді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі CMN.KZ сайтына сілтеп.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қардың еруі оңтүстік және батыс аймақтарда басталды, ал орталық, солтүстік және шығыс өңірлерде қар қоры әлі жиналуда.
«Наурыз және сәуір айлары әдеттегіден жылырақ болады деп болжануда және елдің басым бөлігінде мол жауын-шашын түседі, бұл су тасқыны қаупін арттырады», – деді министр үкімет отырысында.
ПІКІР ЖАЗУ