Мемлекеттен қайтарымсыз бір жарым миллион теңге грантты кім ала алады

ақша
Фото: depositphotos.com

Business.enbek.kz порталында 15 шілдеден бастап екінші лек бойынша бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Республика бойынша 4 655 адамға грант беріледі.

Гранттар қайтарымсыз негізде беріледі, нысаналы мақсаты – жаңа бизнесті бастау және дамыту.

Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Өтінім беру үшін қажет:

  • Порталда тіркелу;
  • Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
  • Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
  • Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтінім беруге болады.

Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет.