Media Құрылтай: БАҚ нарығын дамыту бойынша конференция өтті

2024 жылғы 20 қарашада Алматыда қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелері бойынша жыл сайынғы бірегей республикалық «Media Құрылтай» конференциясы өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Media Құрылтай — медиа-индустрияның жетекші ойыншылары, сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары БАҚ секторындағы проблемаларды және оларды шешу жолдарын талқылап, медиа-бизнесті дамытудың табысты стратегияларының тәжірибесімен бөлісе алатын тұрақты жұмыс істейтін пікірталас алаңы. 

Құрылтайдың басында Диана Окремова, Досым Сатпаев, Арманжан Байтасов, Бағлан Айдашов, Қанат Ысқақов пен Александр Емельянов Қазақстанның медиа нарық мәселесін қозғады.

Фото: ozgeris.info

KURSIV.MEDIA шеф-редакторы Риза Иса мен PR-директоры Димаш Зиятдин қазақша контент туралы анализ жасап, контенттің тұтынушының 60% әйелдер екенін айтты. Сондай ақ, олардың айтуынша, орысша контент біздің елімізде басым екені анық, сондықтан көп ақпараттық порталдар қазақша жазбайтынын айтты.

Фото: ozgeris.info

Құрылтайдың соңында Ratel.kz бас редакторы Марат Асипов, журналист Дмитрий Шишкин, Orda бас редакторы Гүлнар Бажкенова, «Әділ сөз» қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, KURSIV.MEDIA бас редакторы Татьяна Трубачева мен финанс саласындағы сарапшы Айбар Олжаев авторлық құқық пен плагиат мәселесі жайлы дауласты.

Фото: ozgeris.info

 

«Media Құрылтай 2024» медиа саласының жүйелі мәселелеріне, БАҚ туралы Заңдағы өзгерістерге, ақпараттық қауіпсіздік, fake news-пен күрес мәселелеріне, медиадағы жаңа құралдарды дамытуға арналады.