Жаңалықтар

"Шашпай-төкпей пайдаланыңдар": Қаныш Сәтбаевтың өлер алдындағы соңғы сөзі қандай болған? (ВИДЕО)

"Қаныш және ғылыми майдан" кітабының авторы, заманауи ағартушы Санжар Керімбай ғалым әрі әйгілі геолог Қаныш Сәтбаевтың соңғы сөзі қандай болғанын айтты, - деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
"Менің орыс достарым өлер алдында өмір бойы қасықтап жинаған абыройын шелектеп төге салатын еді. Өйткені олар өлім аузында жатқанда: әйеліме қарап қойыңдар, балам мен қызым оқуға түссін, үй-күйім аманат деп кетеді. Ал Қаныш Сәтбаевтың ең соңғы сөзін білесіздер ме? Ол кісі өліп бара жатқанда: Жігіттер, сіздерге аманат! Маңғыстаудың мұнайын шашпай-төкпей пайдаланыңдар, - деп кеткен. Осы тарихты кім біледі? Мұның бәрін Медеу Сәрсеке жинаған. Оның айыбы әлеуметтік желіні меңгере алмағанында. Фейсбукты білмейді, тек кітап шығара берген", - деді Санжар Керімбай.
Айта кетейік, Қаныш Сәтбаев 1964 жылы Мәскеуде ауруы асқынып қайтыс болды. Ғалым Алматыдағы орталық зиратқа жерленді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ТАҒЫЛЫМ - КІТАП ДҮКЕНІ | ҚЫЗЫЛОРДА (@_tagylym)

Барлық жаңалықтар