Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Астана тұрғындары тек орыс тілінде сөйлейтініне наразылығын білдірді. Мұндай мәлімдемені депутат Instagram желісінде жариялаған болатын. Оның айтуынша, «Жетісу» саябағында серуендеп келе жатқан кезінде халықтың 99%-ы тек орыс тілінде сөйлеген екен.
«Астанада тек ұятсыз қазақтар тұратын сияқты. Мен ешқай жерде дәл осындай, өз ана тілінен бас тартқан ата-аналарды көрмеген емеспін. Бұл ұят.»,- деп наразылығын білдірді депутат.
ПІКІР ЖАЗУ