Жаңалықтар

Ұлттық музыканы нотаға түсірген тұлға: Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл

Ұлттық музыканы нотаға түсірген тұлға: Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл

Бүгін ХХ ғасырдағы кәсіби қазақ музыкасының негізін қалаушы, көрнекті композитор әрі ғалым Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толды. Ол қазақтың әндері мен күйлерін терең зерттеп, орындаушылар туралы мұрағаттық құжаттар жинап, іргелі ғылыми монографиялар жазған бірегей тұлға деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ахмет Жұбановтың ғылыми жұмыстарында Құрманғазыны зерттеу ерекше орын алады. Дәл осы ғалымның ерен еңбегінің арқасында ұлы күйшінің тұлғасы мен шығармашылығы кеңінен танылып, оның баға жетпес мұрасы болашақ ұрпақ үшін сақталып қалды.

«Ол халық музыканттарын, олардың шығармашылығын, күйшілер мен әншілерді зерттеді. Оның "Ғасырлар пернесі", "Замана бұлбұлдары" кітаптары энциклопедиялық сипатқа ие. Ол көптеген орындаушыларды жеке танитын. "Ән мен күй сапары" және "Өскен өнер" еңбектерінде өткен ғасыр мен өз заманындағы музыка туралы материалдар жинақталған. Құрманғазы туралы монографиясы бірегей саналады, өйткені ол Орынбор, Астрахань, Санкт-Петербург және Қазақстанның мұрағаттық құжаттарына негізделген. Құрманғазының күйлері алғаш рет нотаға түсіріліп, басып шығарылды», — деп атап өтті өнертану докторы Сәуле Өтеғалиева.

Ахмет Жұбановтың артында қалған бай мұрасы:

  1. 50-ден астам музыкалық шығарманың авторы;

  2. Қазақтың әндері мен күйлерін алғашқылардың бірі болып нотаға түсірген;

  3. 300-ден астам мақала мен очерк жазған;

  4. 10-нан астам іргелі ғылыми кітаптың авторы.

Барлық жаңалық