Шоу-бизнес

«Осы күнді қатты күттім»: Жахан Отарғалиев барлық қарызынан құтылғанын айтты

«Осы күнді қатты күттім»: Жахан Отарғалиев барлық қарызынан құтылғанын айтты

Танымал актер Жахан Отарғалиев барлық берешегінен толықтай құтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

“Осы күнді қатты күттім. Қазір соңғы қарызымды қайтаруға бара жатырмын. Осыдан құтылсам, енді қарыз алмаймын. Мына ақшаны бергеннен кейін көңілді өмір бастаймын”, – деді ол.

Актердің сөзінше, бұл – өзі үшін ерекше міндеттердің бірі. Жахан Отарғалиев осыдан үш жыл бұрын актер Шерхан Пірназар мен оның жұбайына қажылық сапарға қаржылай көмектесуге уәде берген.

“Уәде етілген нәрсе орындалуы керек. Бұл да мен үшін қарыз болды”, – деді ол.

Сондай-ақ өнер иесі қарыздың адамға ауыр салмақ салатынын айтып, көпшілікті қолдан келгенше қарыз алмауға үндеді.

Кейін ол қаражатты Шерхан Пірназар мен оның жарына табыстап, енді оны қайда жұмсайтынын өздері шешетінін айтты.

Барлық жаңалық