Қоғам

«Тым көп сынақты бастан өткізді»: Жаңаөзенде қаза тапқан дәрігердің қарындасы жантебірентерлік жазба жариялады

«Тым көп сынақты бастан өткізді»: Жаңаөзенде қаза тапқан дәрігердің қарындасы жантебірентерлік жазба жариялады

Жаңаөзенде кісі қолынан қаза тапқан дәрігер Нұрдәулет Аманғалиевтің қарындасы Меруерт әлеуметтік желіде марқұм ағасына арнап жазба жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол ағасының өмір бойы көп қиындықты бастан өткергенін, өзгенің қамын ойлап, өзін кейінге ысырып жүргенін атап өтті.

«Тым көп сынақты бастан өткіздің. Өзіңді ойламадың, балаң мен отбасың деп жүріп, сондай зұлым жандарға тап болдың. Сенің ақкөңіл, мейірімді жүрегіңді пайдаланды», – деп жазды ол.

Марқұмның қарындасы ағасының көмегін көрген адамдардың әрекетін ешқашан кешірмейтінін де мәлімдеді.
Жазбаның соңында ол ағасымен бірге уақыт өткізіп үлгермегеніне өкініш білдіріп, марқұммен қоштасып, жанының жәннатта болуын тіледі.

Барлық жаңалық