Қоғам

"Тоқалдарға бала туғызып жүрдің": Бекболат Тілеухан елден сөз естіді (ВИДЕО)

"Тоқалдарға бала туғызып жүрдің": Бекболат Тілеухан елден сөз естіді (ВИДЕО)

Қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан қазақ жігіттеріне қатысты ащы шындықты айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Оның пікірінше, бүгінде көшеде, әсіресе Саина бойында түнгі уақытта жүрген қыздардың көбейіп кетуі — ер азаматтардың әлсіздігінен.

«Қазақтың жігіттері нағыз еркек болса, қыздары Саинада тұрмас еді», – деді ол.

Бұл пікір желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі Бекболаттың сөзін қолдаса, енді бірі керісінше, сынға алып жатыр.

«Қолыңда билік болғанда депутатсың өзің неге күреспедің? Қазақстанды тонап, тоқалдарға бала туғызғанша…», «Тілің керемет қой, шіркін-ай, қаңтарда сөйлесең қайда қалдың, таппай қалдық қой», деп жазды көпшілік.

Барлық жаңалық