Қоғам

«Қазақстанның болашағы не болар екен, мынандайлар депутат болса»: Аша Матайдың саяси қадамы қызу талқыға түсті

«Қазақстанның болашағы не болар екен, мынандайлар депутат болса»: Аша Матайдың саяси қадамы қызу талқыға түсті

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан Халық партиясының съезіне қатысып, Құрылтайға кандидаттардың партиялық тізіміне енгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесінің айтуынша, бұл – өзі үшін жай ғана ресми қатысу емес, саналы таңдау әрі өміріндегі маңызды кезең.

«Мен партияның әлеуметтік әділдік, азаматтардың мүддесін қорғау және қоғаммен ашық диалог орнату қағидаттарын қолдаймын. Бұл – менің жұмысымда да, өмірлік ұстанымымда да маңызды құндылықтар», – деп жазды Аша Матай.

Сондай-ақ ол медиа және шығармашылық саладағы тәжірибесін партияның жұмысына бағыттап, ел игілігі үшін еңбек етуге дайын екенін жеткізді.

Аша Матайдың жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі оның бұл шешімін қолдаса, енді бірі сын пікір білдірді.

«Әнінді айтып, тележүргізуші болып жүре берші, ең дұрысы», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырман: «Қазақстанның болашағы не болар екен, мынадайлар депутат болса?» – деген пікір қалдырған.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Халық партиясы Құрылтай сайлауына арналған партиялық тізімін бекіткен болатын. Тізімге шоу-бизнес өкілдері де енген.

Барлық жаңалық