Қазақстан құрамасының және «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сатпаев футбол тарихына өз атын ойып жазды. Ол Чемпиондар Лигасында гол соққан ең жас футболшылардың алғашқы үштігіне енді, деп хабарлайды NewTimes.kz.
Sports.kz дерегінше, 17 жастағы талант иесі Чемпиондар Лигасының бесінші турындағы сырт алаңдағы «Копенгагенге» қарсы ойында 81-минутта мергендік танытты. Гол соғылған сәтте Сатпаевтың жасы небәрі 17 жас пен 110 күн болған.
Бұл нәтижемен Дастан тек қазақстандық футболдың ғана емес, Еуропа футболының да назарын өзіне аударып отыр.