Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман Мөлдір Мұқан туралы күтпеген мәлімет айтты, деп жазады Оzgeris.info.
Бақыттың айтуынша, олардың арасында қызғаныш пен көреалмаушылықтан туған қиын сәттер аз болмаған.
“Кей кезде Мөлдір тіпті: «Бақыт сахнаға шықса, мен күйеуімнен ажырасамын» дейтін. Менің өнер көрсетуіме оның отбасылық өмірінің қандай қатысы бар? Сол арқылы мені сахнадан ығыстырғысы келген сияқты. Бұл таза көреалмаушылық деп ойлаймын. Ақыры екеуі ажырасып кетті. Ал назар басқа жаққа ауысқан соң Қайраттың жолы ашылды. Оның бағы «Әзіл әлемінде» емес, «Түнгі студияны» жүргізе бастаған кезде жанды», – дейді ол.