Jusan Mobile бұрын Нурали Әлиевке тиесілі болған "Транстелеком" компаниясын сатып алуда, бірақ мәміле әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы Informburo.kz сайтына Jusan Mobile баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазіргі уақытта "Транстелеком" АҚ-қа қатысты мәміле аяқталған жоқ. Оның негізгі шарттары мен талаптары коммерциялық құпия болып табылады. Компания тек "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесіне Jusan Mobile АҚ-мен аффилирленген тұлғалар кіргенін растай алады", – делінген Jusan Mobile мәлімдемесінде.
Телекоммуникациялық компания барлық заңдық мәселелер реттелгеннен кейін мәміле туралы толық ақпарат беруге уәде етті.
KASE-де жарияланған құжатқа сәйкес, Jusan Mobile директорлар кеңесінен шығарылғандар:
- Нурали Әлиев,
- Дмитрий Покупателев,
- Эльдар Гумаров,
- Берік Өтемұрат.
Директорлар кеңесіне жаңадан сайланғандар:
- Дмитрий Покупателев,
- Қайрат Балықбаев,
- Андрей Марченко,
- Нұрлан Арынгазиев.
Дмитрий Покупателев директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Өзгерістерді ескере отырып, "Транстелеком" директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады.
Ақпан айында кәсіпкер Нурали Әлиев "Транстелеком" компаниясының акционерлері қатарынан шыққанын мәлімдеген еді.