Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Ішкі істер министрлігі жұмысының басты бағыттарының бірі – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. 2024 жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Бұған жауап ретінде шаралар: оның ішінде 72 мың қорғау нұсқамасы, сондай-ақ 16 мың жағдай бойынша сот шешімдері қабылданды.
Балалар құқығын қорғау және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу
Балалар құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу саласында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Биыл 12 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Балаларды қорғау мақсатында еліміздегі әрбір мектепке ювеналды полиция қызметкерлері бекітіліп, олар тұрақты түрде бала құқығы бойынша сабақтар өткізеді және қылмыс жасауға бейім балаларды анықтайды. Оқу орындарында осыған орай 94 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар жыл басынан бері 35 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс, оның ішінде суицид пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын 127 сайт анықталды. Алдын алу шараларының нәтижесінде жасөспірімдер қылмысының саны 6%-ға төмендеді. Кәмелетке толмағандар жасаған кісі өлтіру 29%-ға, ұрлық 19%-ға, тонау 15%-ға төмендеген.Әйелдер мен балалар құқығын қорғауға арналған жаңа заң
2024 жылғы 16 маусымда күшіне енген «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңның маңыздылығы жоғары. Енгізілген өзгерістер әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуға бағытталған. Атап айтқанда, кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру, ал өзін-өзі өлтіруге және қорлауға итермелегендерге қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жаңа заң
Азаматтар арасында заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған қылмыстың ерте алдын алу жүйесін құруға арналған «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа бірыңғай заңды талқылау және әзірлеу маңызды оқиғалардың бірі болды. Заң жобасында алдын алу шараларына жататын тұлғалар тізбесіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқан азаматтарды марапаттау көзделген. Заң кәмелетке толмағандар арасындағы алдын-алу шараларын, соның ішінде ерекше назар аударуды қажет ететін мектептердегі балаларға міндетті педагогикалық қолдау көрсетуді де реттейді.
Жол қауіпсіздігі
Жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында ІІМ жолдардағы жазатайым оқиғаларды азайту жұмыстарын жалғастыруда. Тиімді әдістердің бірі – жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу камераларын пайдалану. Бүгінде елімізде осындай 25 мыңнан астам камера жұмыс істейді, олар жолдардағы барлық құқық бұзушылықтың 69%-ын тіркеген. Жүргізушілерді даярлаудың сапасын арттыру үшін өзін-өзі дайындау алынып тасталды, енді оқыту тек сертификатталған автомектептер арқылы жүргізіледі.
Жүргізушілер даярлауды жетілдіру және жол қозғалысы ережелерін бұзумен күрес
Жол қауіпсіздігі – мемлекеттің басым бағыттарының бірі. 2024 жылы жол-көлік оқиғалары жағдайын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасты. ІІМ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау үшін заманауи технологияларды, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін автоматты камераларды белсенді түрде қолданады. Бүгінгі таңда елімізде осындай 25 мыңнан астам камера бар. Мұндай камераларды қолдану жолдардағы барлық бұзушылықтардың 69%-ын анықтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ «Қауіпсіз жол», «Автобус» және «Автокөлік» сияқты түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізілуде. Бұл жол апатын азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Қазақстанда жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында елеулі өзгерістер енгізілді. Өзін-өзі дайындау және онлайн оқыту алынып тасталды, бұл үдерісті бақылауды арттыруға мүмкіндік береді. Барлық автомектептер мен курсанттар енді ІІшкі істер министрлігінің бірыңғай ақпараттық жүйесінде тіркеледі, бұл жалған куәлік жасау мүмкіндігін болдырмайды. Оқу курстарын аяқтау туралы куәліктер мен медициналық қорытындыларды электронды форматқа көшіру жұмыстары да белсенді түрде жалғасуда, енді оны Денсаулық сақтау министрлігі электронды форматта береді. Қазақстан жолдарындағы қауіпсіздікті арттыру үшін аумақтық ПД теңгерімінде ЖҚЕ бұзушылықтарын тіркеуге арналған мобильді бағдарламалық-аппараттық кешендермен жабдықталған 268 патрульдік автомобиль бар. 2024 жылы 10 айда бұл кешендер жылдамдық режимінің 872 мыңнан астам бұзылуын тіркеді. Астана (4 автокөлік), Ақтөбе (11), Атырау (6), Қарағанды (2), Қостанай (3), Солтүстік Қазақстан (1), Жетісу (1), Ұлытау (1) және Түркістан (1) облыстарында «жасырын» патрульдер белсенді қолданылуда. «Жасырын» патрульдерді қолдану нәтижесінде 43,3 мың бұзушылық тіркелді. Бұл шаралар аталған өңірлерде жол-көлік оқиғаларынан қаза тапқандар санын едәуір азайтуға мүмкіндік берді.Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу
2023 жылы қазан айында ӘҚБтК мен жол қозғалысы туралы заңнамаға өзгерістер енгізетін заңдарға қол қойылды. Аталған өзгерістер екі кезеңде күшіне енеді: негізгі бөлігі 2023 жылғы 4 желтоқсаннан бастап, ал мопедтерге қатысты толықтырулар 2025 жылғы 4 сәуірден бастап қолданылады. Жаңа ережелерде екі камера арасындағы жол учаскесінде орташа жылдамдықты асыру үшін жауапкершілік қарастырылған. Мұндай учаскеде жылдамдықты 60 км/сағ-тан артық асырып өткен жағдайда, 5-тен 40 айлық есептік көрсеткішке дейін (18 460-тан 147 680 теңгеге дейін) айыппұл салынады. Сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз мас күйінде көлік басқарған немесе медициналық куәландырудан бас тартқан жүргізушілерге жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға тыйым салу мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды. Мопедтер үшін міндетті түрде тіркеу және «А1» санатындағы жүргізуші куәлігін алу талабы енгізілді. Сонымен қатар электромобильдерде белгісі болмағаны үшін айыппұлдар қарастырылған және осындай көліктерге арналған зарядтау станцияларын құру талаптары енгізілді.Төтенше жағдайлар жүйесін жаңғырту
2024 жылы Қазақстанның ТЖ жүйесінде маңызды реформалар жүргізілді. ТЖМ басқарудың жаңа тактикасын және жаңартылған ұйымдастырушылық құрылымды енгізді.