Сотта Шымкенттің әкім орынбасары айыпталушыға қатаң жауап беріп, оның "кездейсоқ жағдай" және өкініш туралы айтқан сөздерін жалған деп атады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Берденов соттағы сөзінде жарақаттарының ауырлығын сипаттап өтті.
"Егер сен адамды құрметтесең, неге оны өлтіргің келді? Қазір менің денемде 61 жарықшақ бар, екеуі жүрегімнің қасында, үшеуі қапталымда, біреуі басты артерияның жанында. Өкпемнің 20%-ын алып тастауға тура келді. Бауыр жыртылып, бөліктерін жинап тікті", – деді Берденов.
Жиембай кінәсін мойындағанымен, өлтіру ниеті болмағанын алға тартты. Ол түрмеден шыққан соң "нағыз еркекше кешірім сұраймын" деп уәде берді.
Берденов болса, "істі әйелге телу мен өсек тарату – еркектікке жатпайды" деп мәлімдеп, айыпталушы мен оның отбасын өзінің саяси мансабын күйретуге әрекеттенді деп айыптады.
Жиембайдың әкесі Берденовтен кешірім сұрады, бірақ ол "мен кешірмеймін" деп жауап берді. Шымкен әкімі орынбасарының айтуынша, алда тағы бір ота күтіп тұр. Дәрігерлер тек 3-4 жарықшақты ғана ала алады, қалған 61-і өмір бойы денесінде қалады.
Руслан Берденов сотта Жиембайдың мәлімдемелерін жоққа шығарды (видео)
Еске салайық, бұған дейін 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған.