Қазақстанның Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева өзінің келіні жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Оzgeris.info.
“Келініңіз туралы неге айтпайсыз? Ылғи балаларыңыз жайлы айтасыз деп тиісетіндер бар. Балаларым туралы сұрағаннан кейін балаларым туралы айтамын. Ойбай, менің келінім бар деп үстіне қоспаймын ғой. Отбасының тіршілігін, берекесін қолында ұстап, отбасысымызда менің орнымды басатын осы Ақерке. Осы отбасының тіршілігін, саясатын, дәстүрін, қонақжайлылығын, туған-туысқанға деген көзқарасты ары қарай жалғастыратын ол Ақерке. Отанасы, отбасының тұтқасы Ақерке деп санаймын өзім”, - деді өнер иесі.
Оқырмандар Роза Қуанышқызының даналығына, келініне деген қарым-қатынасына тәнті болды.
“Енелер тыңдап алыңыздар”, “Даңалығыңыздан айналдым Роза апай”, “Ене мен келін арасындағы сыйластықтың сырын керемет жеткіздіңіз”, “Тектілік деген осы ғой”, - деп жазды желі қолданушылар.