Жаңалықтар

Елдос Сметов өзі жайлы фильм түсіретінін айтты (ВИДЕО)

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов өзі туралы фильм түсіргісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Ozgeris.Info. Дзюдошы бұл туралы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Бұл тарихи жеңісімнің артында үлкен еңбек пен күш-жігер жатыр. Менің басымнан өткерген қиындықтар туралы көп адам біле бермейді. Сондықтан артымнан ерген жас спортшыларға мотивация болатындай фильм түсіру ойда жүр", - деді ол сұқбатында.
Сонымен қатар спортшы сұқбат бергенде 2028 жылы өтетін Олимпиадаға қатысатынын хабарлаған болатын.
 
Барлық жаңалық