🏛️ Саясат
Діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті - Қазыбек Иса
04.10.2023
140
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса ҚР Премьер-Министрі Ә.Смайылов мен Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасы Е.Сағынбековке “Ақ жолдың” депутаттық сауалын жолдады.
"Біздің сауалымыз басқа еді, бірақ мен бүгін парламентте “Ақ жол” талай көтеріп жүрген дін жайлы маңызды тақырыпта сөйлесем деймін.
Құрметті әріптестер, діни радикализмге заңмен қатаң тыйым салатын кез жетті! Өйткені олар ұлтты жою күресін қатты қарқынмен жалғастыруда.
“Ақ жол” партиясы парламентте талай жылдан бері діни теріс ағымдарға қатаң тосқауыл қоятын заң қабылдауды ұсынып келеміз. Тәуелсіз зайырлы мемлекет құру - Алаштықтар айқындаған жол!
1.2011 жылы бұл мәселені билік те қолға алып, барлық министрлік пен Бас прокуратура мен Жоғары сот та қолдағанда, қай орган қарсы болды?!. Тек Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қарсы шығып, осы тыйым салу заңға енбей қалды.
2.Мен мұны сол кезде Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған конференцияда «Радикалдық теріс ағымдарға қарсы заң қабылдауға тек сіздер ғана қарсы болдыңыздар! Арамшөптің тамырын жоймаса, тек бетін ғана шапқан болса, ол қайта қаулап шыға береді. Сіздер осылай елді алдап келесіздер!» – деп, ашық айттым.
3.”Қазақ үні” газетіне: “Ұлттық қауіпсіздік комитеті - ұлтқа қауіпті комитет пе?”-деген мақала да жаздық.
Енді сол күдігіміз кешегі ҚАҢТАР қасіретінде расқа айналды.
4.Ал 2009 жылы да дін заңына өзгерістер енгізілетін болды да, біз “Қазақ үні” газетінде Діни басқармамен бірігіп, заңға діни ағымдарға тыйым салатын бап енгізу мәселесін көтердік.
5.Бірақ соның өзінде біздің сол кездегі солқылдақ билік осы тыйым салу бабын енгізе алмады. Сол кездерде сол заңдар қабылданғанда, содан кейінгі, ақыры Қаңтардың қанды қасабына айналған небір қайғылы оқиғалар, бір ұлттың діни теріс ағымдар арқылы екіге бөлінуі секілді қасіреттер болмас еді…
6.Кезінде академик Рахманқұл Бердібай “Қазақ үні” газетінде жазғандай, “Хазария қасіретін” ұмытпайық! 7-10 ғасырларда өмір сүрген,
1) еліне барлық діни ағымдарды кіргізген, 2) көп дінді, көп тілді ел,
3) билігінен бастап, саудагерлеріне дейін өзге тілде сөйлеген Хазариядай түркі мемлекеті қазір қайда? Жоқ! Картада жоқ! Жойылып кетті!
Біздің ел бұдан сабақ ала ма, жоқ па?
Тағы кімнің көңіліне қарап, кімнің батасын күтіп отырмыз?!.
7.”Діні бар да, ұлты жоқ, Сақалы бар да, мұрты жоқ, Ел түбіне сол жетер! – деп, бір ғасыр бұрын жазған Мәшһүр Жүсіп әулие шынында көреген екен.
8.Мен өзім осы жасымда кешеге дейін мұрты жоқ сақалдыларды көрген емеспін. Мұрты жоқ, тек сақалы сапсиып тұрған Хан Абылайды, Әйтеке, Төле, Қазыбек билерді, Ер Махамбет, Ұлы Абай, Жамбыл, Әлихандарды елестете аламыз ба?!. Жоқ! Қазіргі шет елге барып, күмәнді оқуларда бірнеше ай оқып келіп, желіде желпініп дәріс оқитын теріс ағымды «ұстаздар» осы ұлыларымыздан артық, ақылы асып, білімі тасып келгендер ме?
9.Қазір ән әлемінде, айтыста, спортта да тайраңдап жүрген жат ағымның өкілдері дінді жамылып алып, әріптестері мен әнсүйер, жанкүйерлеріне өз «салттарын» кіргізіп жатыр.
10.Өткен 30 жылдық теріс саясат қазақтың «нұр» деген жалынды сөзін жағымсыз сөзге айналдырса, теріс діни ағымдағылар тіпті, ең қымбат, ана деген аяулы атпен қатар аталатын «Шеше» деген қастерлі атауға қара күйе жағып, «ұстаз» деген ұлағатты ұғымның мәнін құртты.
11.Діни теріс ағымдағылар елді екіге бөліп, мылтықсыз-ақ мыңдаған жастарымызды қазақтың қатарынан шығарып қана қоймай, ұлтты жою үшін елге қарсы қауіпті күштерге айналдырып жатыр.
12.Дінге, тілге, жерге қарсы елбұзар теріс ағымдардың бәріне заңмен тосқауыл қойылуы тиіс!
13.Ел үшін ең қымбат Ұлтқа, адам үшін ең аяулы - Әке-Шешеге, Қазаққа ең адал Домбыраға қарсы харам пиғылдылардың еркін тарап жатқан Ел түбіне жетер қауіпті вирусын шұғыл заңмен тоқтататын кез жетті!
14.Ұлттық мүддеміз бен дәстүрімізге, ел бірлігіне балта шауып, Мемлекетке тағы да қатер төндіріп жатқан Діни теріс ағымдарға заңмен қатаң тыйым салу қажет!
Бұдан кейін кеш болады!", - деді ол.
Алдыңғы
-
"Дендері сау ма": Эротикалық видеосы тараған асаба халықтан көмек сұрады (ВИДЕО)15:13, 16 сәуір 2026
-
Семейде еңгезердей еркек алты жасар қызға ұятсыз хаттар жазған15:05, 16 сәуір 2026
-
FlyArystan Дубайға ұшатын рейстерді жаз соңына дейін тоқтатты14:36, 16 сәуір 2026
-
Шахматшылар махаббаты: Синдаровтың әжесі Асаубаевамен арақатынасы туралы айтты14:22, 16 сәуір 2026
-
Қазақстанда вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді14:13, 16 сәуір 2026
-
-
Атырауда түйе ұрлаған ұйымдасқан топ құрықталды: Шығын 10 миллионнан асады12:52, 16 сәуір 2026
-
Астанадағы мектепте жасөспірімдер көлік үшін жаппай төбелескен (ВИДЕО)12:18, 16 сәуір 2026
-
-
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
-
-
-
-
«Жаны жұмақта болсын»: Белгілі актер, халық әртісі Есмұхан Обаев өмірден өтті08:50, 16 сәуір 2026
-
-
-
Жамбыл облысына қарасты ауылда екі оқушының мәйіті табылды16:07, 15 сәуір 2026
-
Тоқаев АХҚО басқарушысы Ренат Бектұровтың есебін тыңдады17:17, 15 сәуір 2026
-
-
-
"Жігітпен жатпағанмын": Гүлмира Ізбасхан елді шулататын мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:34, 13 сәуір 2026
-
"Жұғысты болсын": Интим видеолары тараған асаба сүйінші сұрады (ВИДЕО)09:30, 16 сәуір 2026
-
"Жылап жібердім": Мөлдір Әуелбекова жаңалығымен көпті қуантты11:35, 15 сәуір 2026
-
-
"Жылап алдым": Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсынның ұлымен ерекше амандасты (ВИДЕО)09:46, 09 сәуір 2026
-
-
"1,5 жылдан кейін кездестік": Мөлдір Мұқан күйеуі Тұрсынбек туралы (ВИДЕО)11:41, 10 сәуір 2026
-
"Жалған пиар": Журналист Тұрсын Алагөзовке ауыр айып тақты (ФОТО)16:23, 10 сәуір 2026
-
-
-
-
-
-
"Тоқалды қаламасаң да алады": Сәкен Майғазиевтің жары шулы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)10:23, 19 наурыз 2026
-
"Ешкімге сенбеңіздер!": Жазираның келіні ел күтпеген мәлімдеме жасады12:30, 30 наурыз 2026
-
Жанболат пен Жазира әнші Кенжебекпен құдаласты17:40, 22 наурыз 2026
-
"Өз жолыңды біл!": Кенжебектің әйелі келінге тілек айтамын деп сынға қалды (ВИДЕО)15:33, 26 наурыз 2026
-
«МашАлла мен Әлхамдулилласыз да өмір сүрдік»: Баян Мақсатқызы даулы мәлімдеме жасады12:38, 18 наурыз 2026