Шоу-бизнес

«Барманыздар, уақытыңызды бекер жоғалтасыз»: Мөлдір Мұқанованың премьерасы сын астында қалды

Бұрынғы жарынaн кейінгі жеке өмірі жиі талқыға түсіп жүрген Мөлдір Мұқанованың продюсерлігімен түсірілген «Шай в большом городе» фильмі көрермендерден қатты сынға ұшырады, деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Премьерадан кейін әлеуметтік желілерде фильмнің сапасына қатысты көптеген жағымсыз пікірлер жарық көрді. Көрермендер картинаны сюжеті әлсіз, актерлік ойыны нашар және жалпы деңгейі төмен жұмыс деп бағалап жатыр.

 

Желі қолданушыларының пікірінше:


«Фильм өте орташа. Атауы қандай болса, мазмұны да сондай бір рет көруге ғана жарайды. Продюсер кәсіби емес, бұл оның кино саласындағы алғашқы қадамы», – деп жазды көрермендердің бірі.

 

Кейбіреулер Мөлдірді қолдау үшін киноға барып жатқандарды сынға алып, бұл науқанның шынайы мәні жоғалғанын айтады:

 

«Елде мыңдаған жалғызбасты аналар көмекке мұқтаж. Ал қолдап жатқандары жағдайы жақсы Мөлдір», – деген пікірлер тарап жатыр.

 

Фильмді көрген кей адамдар тіпті өз тәжірибесін «сәтсіз» деп бағалады:


«Қарауға ештеңе жоқ. Сюжет жоқ, актерлердің ойыны тым әлсіз, киімдер ескіріп кеткен сияқты»,«Барманыздар, уақытыңызды бекер жоғалтасыз», – деп жазуда желі қолданушылары.

 

Актер Қайрат Әділгерейдің жары да фильм жайлы өз сыни ойын ашық айтты:


«Актерлер кәсіби емес, фильм сапасыз түсірілген. Сюжет мүлде жоқ, киімдер ескі. Жалпы алғанда, сәтсіз жұмыс», – деді ол.

 

Фильмнің премьерасы жақында өтті. Қазіргі уақытта Kino.kz сайтында оның рейтингі – 6,5.

Барлық жаңалық