Жаңалықтар

Балабақшада атыс болып, 4 адам қаза тапты

Балабақшада атыс болып, 4 адам қаза тапты
Ресейде белгісіз ер адам балабақшада атыс шығарып, төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Ozgeris.info порталы РИА Новостиге сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Ульянов облысында болды.
"Атыс балабақшада болды. Төрт адам қаза тапты", - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Telegram 112 арнасының мәліметінше, белгісіз біреу түскі уақытта балабақшада екі бала мен тәрбиешіні өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнында қылмыстың себебі анықтап жатыр.
Ozgeris.info порталы
Барлық жаңалық