Россия

АҚШ-тың әскери көмегінсіз Украина қашанға дейін шыдай алады?

АҚШ-тың әскери көмегінсіз Украина  жаздың басына дейін ғана шыдай алады. Батыс шенеуніктері осындай пікірде, деп хабарлайды CNN дереккөздеріне сілтеме жасап. Олардың айтуынша, ең заманауи қару-жарақ негізінен АҚШ-тан жеткізіледі.

«Бұл ауыр соққы болады. Мен оны сал етіп тастайтын соққы дер едім», – деді Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының аға кеңесшісі Марк Кансиан.

Оның сөзінше, осыдан кейін майдан шебі «құлап», Украина «апатты» бейбіт келісімге баруға мәжбүр болуы мүмкін.

Барлық жаңалық