Қыздың жақсы көруінен қарағанда, оны шын сүйетін жігіттің кездескені әлдеқайда маңызды. Қайрат Әділгерейдің әйелі, киносыншы Бақыт Тұрман «TABOO» бағдарламасында берген сұхбатында осылай деді. Оның сөзінше, жігіт шын сүйетін қызын жолықтырса, ақшаны да табады, барлық істі де тындырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Ол 200 пайыз бақытқа апаратын жол. Мен соны түсіндім ғой өмірде. Ер адам сүйетін адамы үшін барлығына дайын ғой. Ер адам сүйген кезде қандай іс—әрекеттерге барады? Өзінің сүйетін адамына қол жеткізген кезде өмірге деген бүкіл қабілеттері ашылады», — деді Бақыт Тұрман.
Киносыншының сөзінше, ол өзін шын сүйген жігітпен жолыққан.
«Қазір ер адамдар ақша таппайды деп жатады. Ерлері көңіл бөлмейді дейді. Кейбіреулер маған ренжитін шығар. Бірақ сол ер адамның алдына сүйетін адамын апарып қойыңызшы, ұшады ғой, ракета болып сол адамы үшін», — деді ол.
Еске салайық, актер, асабаның әйелі Бақыт Тұрман бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанованың туындысын сынап, оның түсірген киносына нашар баға берген еді. Ал Мөлдірдің бұрынғы күйеуі Қабатов пен Қайрат Әділгерей ұзақ жыл бір сахнада жүрді. Алайда соңғы кездері өзара келіспеушілік көбейіп, достар жан-жаққа тарасты.