Әлеуметтік желіде блогер Құлпынай Калменова бұрынғы күйеуі Қолғанат Жұмабаевты педофил деп айыптаған болатын. Блогер көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру үшін Руслан Өтепбайдың студиясында өтірік детекторына отырды, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде туындаған дауда қоғамның ойы екіге бөлінді. Бірі күйеуі жалған сөйлейді десе, екіншілері әйелінікі дұрыс емес деп санайды.
«Иә, кек алғым келді. Неге екенін білмеймін. Қазіргі таңдағы мақсатым кек алу емес. Қазіргі мәселе — қыздар. Мені әйел етіп алып тұрып, осындай қиянат істегені үшін жауап берсін деген ой келді. Алайда оны педофил деп айыптағаным кек емес. Оны педофил деп айыптағаным кек алу үшін емес», — деді ол.
Детектор оның жауабын шындық деп таныды.
ПІКІР ЖАЗУ