Қазақстанда 58 мектеп білім беру қызметіне лицензиясыз жұмыс істеді

Фото: total.kz

Еліміздің барлық мектептерін тексеруді осы жылдың басында Білім министрлігінің Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бастады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі HALYQSTAN арнасына сілтеп.

Мұндай мектептер негізінен Астана мен Алматы, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында орналасқан.

Бүгінгі таңда олардың 17-сі білім беру қызметіне қойылатын талаптарды заңға сәйкестендірді.

Қалған «қарақшылық» мектептерге қатысты ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша айыппұл салу туралы сот қаулылары шығарылды — бұл 40 АЕК-ке дейін (шамамен 147 мың теңге).

Бұл ретте олардың барлығы жергілікті атқарушы органдардың қарауында болады. Сондықтан комитеттің аумақтық департаменттері аймақтық әкімдіктерге және білім басқармаларының басшыларына бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауды талап етіп ресми хаттар жолдады.

— «Білім туралы» заңға сәйкес барлық мектептер білім беру қызметін бастамас бұрын рұқсат алуы тиіс, — деп атап өтті комитет төрағасы Ернұр Дәуенов. — Лицензияның жоқтығы мектептің талаптарға сәйкестігін тексеруден өтпегенін немесе рұқсат алу үшін құжаттарды тапсырмағанын білдіреді. Егер мектеп мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап алты ай ішінде лицензия алмаса, онда ол сот тәртібімен жабылуға жатады.

Лицензия алу үшiн қойылатын негiзгi талаптар тиiстi материалдық-техникалық базаның, бiлiктi педагогикалық құрамның болуын, санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормалардың сақталуын, сондай-ақ бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастыруды қамтиды.

Осы тізімнің ішінен анықталған мектептердің дұрыс аккредиттелуіне не кедергі келтіргенін министрлікте нақтыламайды.