Қазақстандық саясаттанушы әрі балаларды дамыту CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамптың ұлықтау рәсіміне қатысатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі бойжеткеннің желі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ол бұл жаңалықты Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Бойжеткен видеода шақырту қағазын көрсетіп, онда инаугурация бағдарламасы, АҚШ демократиясының тарихы жазылғанын айтады. Желі қолданушылары саясаттанушыны құттықтап, оны мақтан тұтатынын жазған.
«Қандай керемет, неткен деңгей, маған жібергендей мәзбін», «Шақыртуларының өзі қандай әдемі, әр бір беті мен әрпіне бар жанын беріп жасағандай», «Сізді мақтан тұтамыз, рақмет», — деп жазған пікір қалдырушылар.
ПІКІР ЖАЗУ