Қайрат Боранбаев тағы бір футбол клубын ашатыны белгілі болды

Фото: "Қайрат" ФК

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыда тағы бір футбол клубын ашуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттың мәліметінше, клуб Almaty United деп аталмақ.

«Жаңа клуб ашудағы басты мақсат — Қайрат Боранбаев басқаратын «Қайрат» футбол клубының академиясынан шыққан түлектерді ойын тәжірибесімен қамтамасыз ету. Спортшылар өз алаңындағы матчтарын «Қайрат» академиясы нысандарының бірінде өткізеді»,—деп жазды басылым.

Клубтың бас директоры қызметін «Қайраттың» экс-директоры, қазір Player Сareer Management футбол агенттігінің басшысы Баймұханов Марат Бүркітұлы атқарады.

Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында Қайрат Боранбаевты квазимемлекеттік сектордан ақша жымқырғаны үшін сегіз жылға сотталған еді. Кейінірек екінші сатыдағы сот оның мерзімін екі жылға қысқартты. Сол кезде Алматы әкімі Ерболат Досаев бизнесмен иелігіндегі «Қайрат» футбол клубының әкімдік меншігіне берілмейтінін мәлімдеді.

2023 жылдың 6 қарашасында Ішкі істер министрлігі Қайрат Боранбаевтың бостандыққа шыққанын хабарлады. Биылғы жылдың маусымында кәсіпкер қайтадан Ұлттық Паралимпиада комитетінің басшысы болып сайланды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!