Кәрім Мәсімовты кешіру мүмкін бе – депутаттар пікір білдірді

Масимов
Фото: ашық дереккөзден

Кәрім Мәсімов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан кешірім сұрап, рақымшылық жасауын өтінді. Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасының бұл әрекетіне Мәжіліс депутаттары қандай баға береді? Ерлан Сайыров пен Еділ Жаңбыршин журналистер сауалына кулуарда жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ерлан Сайыровтың айтуынша, Қазақстан ақшасын шетелдік банктерде жасырған Мәсімовтың жеке шоттарына қатысты комиссия жұмыс жүргізуде.

«Отанға опасыздық деген бап бойынша ешқандай рақымшылық жасауға болмайды. Екінші мәселе – геосаяси жағдайдың күрделілігі. Мысалы, олар бүгін рақымшылық алып, ертең шетелге кетсе, олар Қазақстан мемлекетіне қарсы жұмыс істемесіне кім кепіл? Кәрім Мәсімовтың қаржысы қайтарылған жоқ. Оның миллиардтаған долларлары шетелде банктерде жатыр. Олар өте бай адамдар. Сондықтан бұл жерде өте жіті қарау керек. Мемлекеттің мүддесі тұрғысынан шешім қабылдау керек. Оның қарызын қайтару жөнінде капиталды қайтару комиссиясы үлкен жұмыс жүргізіп жатыр», — деді Сайыров.

Ал Еділ Жаңбыршинның сөзінше, мемлекетке опасыздық жасағанына байланысты Мәсімовке рақымшылық көрсетілмеуі керек.

«Жоқ, мемлекетке қастандық жасаған адам, 230 адамның өліміне себепші болған адам неше жыл өтсе де, бостандыққа оны шығармау керек деп ойлаймын. Мемлекетті быт-шыт қылып жібере жаздады. Біз Қазақстанды жоғалтып ала жаздадық. Сирия болып кетудің алдында қалдық. Бұндай адамға рақымшылық болмауы керек. Мемлекетке опасыздық жасағанына байланысты рақымшылық жоқ», — деді Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин.

Айта кетейік, былтыр 23 сәуірде ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталған еді. Үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарған. Оның мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.

Еске салайық, жуырда Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды өтінгені туралы хабарланды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...