
"Тіпті 90-жылдардың басында мен де келіп осы ғылыми зерттеу институтынің кітапханасында ғылыми ізденуші ретінде жұмыс істедім. Көп әдебиеттерді ақтардым. Менің ғылым жолына түбегейлі түсуіме осы орталықтың кітапханасы өте көп әсер етті",-дейді бүгінде Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының Басқарма төрағасы Нұрлан Амангелдіұлы.Осылайша құрып кетуге шақ қалған кітапхана қоры қайта жанданып, тамырына қан жүгірді деп айтсақ та болады. Кітапхананың кітап қоры бірегей болып танылды. 2021 жылы кітапхананы қайтақұру барысында ретрофонд құрылды, оған ботаника және биология бойынша ғылыми басылымдар, 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басындағы географиялық атластар мен энциклопедиялар кірді. Кітапхана қорында және ғылыми әдебиеттердің, салалық энциклопедиялардың, сөздіктердің, анықтамалықтардың, ғылыми-зерттеу жұмыстарының есептерінің, библиографиялық, ақпараттық және мерзімді басылымдардың бай жинағы сақталған. Көптеген жылдар бойы қажетсіз болып қалған шетелдік және көркемәдебиет қорлары да қайта құрылды.



"Ия, тек бір адамды ғана емес көп ғалымды, мыңдаған маманың дайындалуына мүмкіндік жасаған осы бір кітапхананың жабылып қалғанын мен үшін өкініш болғаны рас. Сондықтан өткен жылы орталыққа басшылық қызметке келе салып музей мен кітапхананы қайта қалпына келтіруді қолға алдым",-дейді Басқарма төрағасы.Бүгінгі таңда арнайы басылымдар: ғылыми, оқу және анықтамалық әдебиеттер, әдістемелік құралдар, ұсыныстар, диссертациялар мен авторефераттар С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің электронды кітапхана ресурсына енгізілген. Электрондық қор А.И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың қызметкерлері мен мамандарына пайдалану үшін қолжетімді болып отыр. Қызметкерлердің тілектерін ескере отырып, кітапханада 18 орындық ыңғайлы оқу залы ұйымдастырылған. Студенттер мен ғалымдардың қажетті ғылыми әдебиеттер мен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар, мерзімді басылымдарға да тапсырыс беріліп отыр. Орталықтың ғылыми кітапханасы Павлодар ғылыми-техникалық кітапханасының филиалымен ынтымақтастық қарым-қатынас жасайды. Тақырыптық әдебиеттерді іріктеу бойынша деректермен алмасу белсенді түрде жүргізілуде.
Бердібек Хабай