🏛️ Саясат

Израиль президенті Қазақстанға сапармен келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. Израиль тарапының бастамасымен болған әңгімелесу барысында Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Израиль арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылады. Сондай-ақ өзара тиімді екіжақты байланыстардың жоғары деңгейін сақтауға дайын екендерін растады. Израиль президенті биыл Қазақстанға сапармен келеді.
Барлық жаңалықтар