«Инфаркт болған»: Астанада полицей жаттығудан кейін көз жұмды

Фото: Ішкі істер министрлігінің Instagram парақшасынан / Қасымхан Мелдебеков

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өз қызметкерінің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қауіпсіздік қызметкері күштік жаттығудан кейін есін жоғалтқан.

«Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шаралар қабылдағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмады. Медициналық қорытынды бойынша өлімнің себебі миокард инфарктісі болған», – деп хабарланды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов старшы инспектор, арнайы жылдам әрекет ету бөлімшесінің қызметкері Қасымхан Мелдебековтың қайтыс болғанын хабарлады.

«Ол өз қызметіне адал болған, қызметіне және еліне берілген офицер еді. Оның мемлекет алдындағы еңбегі бағаланбас», – деп жазды министр Instagram парақшасында.

Министрлік Мелдебековтың отбасына барлық қажетті көмек көрсететінін қосымша атап өтті.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит