FlyArystan: Арзан әуе тасымалдаушы ма, әлде монополия құралы ма?

Фото: freepik

Үкіметте авиация саласына қатысты талқылау болды. Бәріне белгілі айқын сұрақтарды көтеріп, талқылаудан жалыққан сарапшылар бұл жолы да өзекті мәселелерді күн тәртібіне шығарды. Ozgeris.info тілшісі авиация сарапшысының пікірін зерттеп көрді.

Air Astana мен FlyArystan арқылы жүзеге асқан “авиакомпания ішіндегі авиакомпания” (CWC) моделі сырттай табысты стратегия сияқты көрінеді. Ресми түрде бәсекелестік қалыптасқандай әсер қалдырады. Алайда, дейді сарапшы Абул Кекілбаев, FlyArystan өзін бюджеттік тасымалдаушы ретінде көрсетіп, Air Astana премиум деңгейлі әуекомпания болып халықтың алдында иллюзия қалыптастырып үлгерген.

Шын мәнінде бұл схема нарықтағы бәсекелестікті дамытып отырған жоқ. Керісінше, Air Astanaны монополияға айналдырып, оның билігін күшейтуде. Ал зардабын жолаушылар көріп отыр: олардың таңдауы жоқ, билеттердің бағасы шарықтауда, ал тәуелсіз авиакомпаниялар әкімшілік кедергілерен сүрінуде.

«Қазақстанның әуе тасымал нарығы әлі де бәсекелестер үшін жабық күйде қалып отыр», — дейді әуе көлігі стратегиясы және дағдарысты басқару бойынша авиация сарапшысы Абул Кекілбаев.

Біріншіден,  ⁠Air Astana мен FlyArystan жолаушылар ағынының негізгі бөлігін бақылайды.

Екіншіден, SCAT пен Qazaq Air балама ретінде әлсіз, олардың маршруттық желілері жеткіліксіз.

Үшіншіден, ⁠FlyArystan “лоукостер” мәртебесін формалды түрде ғана ұстап отыр. Ал бәсекелестіктің жоқтығынан билет бағалары бақылаусыз өсіп жатыр.

АҚШ пен Еуропада бюджеттік әуекомпаниялар дәстүрлі тасымалдаушылармен шынайы түрде бәсекелесе алады.

«Қазақстанда CWC моделі бәсекелестік үшін емес, монополияны сақтау үшін қолданылады», — дейді сарапшы.

FlyArystan өзін бюджеттік әуекомпания ретінде көрсеткені жалған, себебі ол халыққа шын мәнінде қолжетімді баға ұсынбайды.

Сарапшының атап өткеніндей, егер жүк, орын таңдау және басқа қызметтер үшін төлемдерді есептесек, аталмыш авиакомпанияның негізгі тарифтері Air Astana бағаларымен бірдей.

Халық жиі қатынайтын бағыттарда рейстер саны шектеулі. Салдарынан «арзан» билеттер тез сатылып кетеді, ал қалған билеттердің бағасы автоматты түрде қымбаттайды. Нәтижесінде, бәсекелестің жоқтығынан жолаушылар жоғары баға төлеуге мәжбүр, өйткені балама жоқ.

Бір ғана мысал: Алматы – Астана бағыты. Елдегі ең жиі ұшатын бағыттардың бірінде FlyArystan ресми түрде бар сияқты көрінеді, бірақ бағалары тым жоғары.

Салыстырмалы түрде Еуропада Ryanair, Wizz Air және EasyJet сияқты әуекомпаниялар арасындағы бәсекелестік билет бағасын 10–20 еуроға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Қазақстанда тәуелсіз лоукостерлердің болмауынан мұндай мүмкіндіктер атымен жоқ.

Air Astana мен FlyArystan-ның үстемдігі жаңа ойыншылардың нарыққа кіруіне жол бермей отыр дейді сарапшылар. Оның негізгі себептері:

  • Әуежайлардан слот алу қиын, және әкімшілік кедергілер жаңа әуекомпания ашуға жол бермейді.
  • Негізгі бағыттарды Air Astana бақылап отыр. Салдарынан бәсекелес компаниялар басқа маршруттарға қол жеткізе алмайды.
  • Мемлекеттік реттеу мен бақылау тіпті жоқ. Билік монополияға айналған компанияның қолында.

«Дамыған елдерде тасымалдаушылар арасындағы бәсекелестік бағаны төмендетіп, қызмет сапасын арттырады. Ал Қазақстанда CWC моделі Air Astana-ның үстемдігін сақтап қалудың құралына айналған», — дейді сарапшы.

2024 жылы FlyArystan жеке әуе тасымалдаушы ретінде сертификат алған. Яғни Air Astana-дан бөлініп шыққан. Алайда ешнәрсе өзгермеді дейді сарапшы.

«Маршруттық желі мен бизнес-модель бұрынғы күйінде қалып отыр. Air Astanaның билігі әлі де бәсекелестікке жол бермей FlyArystan арқылы жалғастырып отырғанын байқап отырмыз. Билет бағалары төмендеді ме? Жоқ, нарық шарттары да өзгеріссіз қалды», — деп шүйлікті Абул Кекілбаев.

Демек, FlyArystan-ды жеке әуекомпания ретінде бөлу тек реформа түрінде ұсынылған, бірақ шын мәнінде статус-квоны сақтауға бағытталған қадам деп айтуға себеп бар.

Air Astana + FlyArystan моделі бәсекелестікті дамытуға ықпал етпейді. Керісінше, монополияға айналған олар нарықты өз бақылауында ұстап отыруға жағдай жасап отыр. Сондай-ақ қоғамда бюджеттік тасымалдаушы бейнесін жасанды түрде қалыптастырудың амалы.

Lufthansa – Germanwings немесе Qantas – Jetstar мысалдарынан айырмашылығы — лоукостерлер негізгі тасымалдаушылармен шын бәсекелесе алады. Ал Қазақстанда:

  • ⁠ ⁠FlyArystan тәуелсіз лоукостерлердің пайда болуын бөгеп отыр.
  • ⁠ ⁠“Бюджеттік” әуекомпания болғанына қарамастан, бағалар өсуде.
  • ⁠ ⁠Жолаушылардың таңдауы жоқ

Қорытындылай келе, FSNC + CWC моделі Қазақстанда нарықты дамыту құралы емес, ол нағыз монополия құралы, дейді сарапшы.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…