Қазақстанда мемлекеттік компаниялардың басшылары басқарма мен директорлар кеңесіне өз туыстарын жұмысқа ала алмайды. Бұл туралы заң жобасы әзірленуде, деп хабарлайды «ozgeris.info».
Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік QAMS (Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығы) үндеуіне берген жауабында хабарлады.
«Ерлі-зайыптылардың, жақын туыстар мен жекжаттардың бір басқару органында немесе квазимемлекеттік сектордың атқарушы органында қызмет атқаруына тыйым салуды енгізу – мүдделер қақтығысының алдын алуға көмектеседі деп есептейміз» делінген хабарламада.
Қазіргі еліміздің заңнамасы, егер олар бағыныштылық қатынастарымен байланысты болмаса, мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарында жақын туыстарының бірге жұмыс істеуіне рұқсат береді.
QAMS мысал ретінде «ҚазТрансОйл» АҚ-да болған жағдайды келтіреді. 2019 жылдан бастап ағасы мен әпкесі Ален Таңатаров пен Шара Әділова компанияның басқарма құрамында жұмыс істеген.
QAMS деректері бойынша мұндай корпоративтік тәжірибелер мүдделер қақтығысы қаупін тудырады және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына кері әсер етеді.
«ozgeris.info»
ПІКІР ЖАЗУ