Бұрын «Тәшкен көрген» десе таңғалушы едік. Қазір мұхит асқандардың өзі жаңалық болмай бара жатыр. Қап-қап қаржы болса шетелге шығу аса бір қиын шаруа емес. Алайда, өзге елге бару үшін адам жіті дайындалуы тиіс. Не үшін екенін
Ozgeris.info тілшісі айтып береді.
Дайындықты неден бастаймыз?
- Ең әуелі баратын елдің заңдарын;
- Әдеп пен моральдың жалпы қабылданған нормаларын ұстаныңыз;
- Қоршаған ортаға сәйкес мінез-құлқыңызды түзетіңіз;
- Жергілікті салт-дәстүрлерді сақтау маңызды, (бұл әсіресе Азия мен Африка мемлекеттеріне қатысты);
- елдегі саяси жағдай және оның климаттық жағдайлары туралы ақпаратпен танысқан жөн;
- Сіз баратын мемлекеттегі ҚР елшіліктерінің немесе консулдық мекемелерінің телефондарын жазып алыңыз.
Күтпеген жағдай орын алса не істейміз?
Шетелде төл құжатты ұрлатып алу, тәртіп сақшыларының қолына түсу, жол көлік оқиғалары, өзге де қауіп-қатер туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда сіз барған мемлекеттегі қазақстандық консулдық мекеменің қызметкерімен кездесуді талап етуге құқығыңыз бар.
Қазақстан Республикасының консулдық мекемесінің қызметкерлері болмаған кезде шет тіліндегі қандай да бір хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қоймаңыз!
Медициналық сақтандыру және екпелер!
Шетелде болу кезеңіне медициналық сақтандыру полисін алдын ала сатып алған абзал. Себебі, ол құжаттың болуы сапар кезінде кенеттен ауырған немесе саяхат кезінде жарақат алған жағдайда
күтпеген медициналық шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.
Медициналық сақтандыруды - сақтандыру компанияларда рәсімдеуге болады. Тіпті онлайн өтінім беру қарастырылған. Ең бастысы аталған компанияларға барған сәтте төлқұжат немесе жеке куәліктің бар болуы талап етіледі.
Сондай-ақ шетелге шығар алдында қажет болуы мүмкін дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алыңыз. өйткені тіпті бас ауруының дәрілері
тек дәрігердің рецептімен сатылуы ықтимал. Өйткені қолдануға үйренген
дәрі-дәрмектер жоқ болуы мүмкін. Ең бастысы қандай дәрі-дәрмектерді баратын елге тасымалдауға рұқсат етілетінін
алдын ала біліп алыңыз.
Тропикалық (ыстық) елдерге шығарда қандай екпе алу керек?
- Тропикалық елдерге шығу кезінде дифтерия, сіреспе, полиомиелитке қарсы егу ұсынылады;
- Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) және Латын Америкасы елдеріне баратындар сары безгекке қарсы егу міндетті;
- Меккеге қажылыққа бара жатқан адамдарға менингококқа қарсы вакцинация ұсынылады;
- Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болған жағдайда В гепатитіне қарсы егу орынды;
- Кейбір елдерге сізді олар талап ететін екпелердің бар екендігі туралы анықтамасыз жібермеуі мүмкін.
Екпелер медициналық мекемелердің мамандандырылған кабинеттерінде жасалады, өйткені вакциналар белгіленген сақтау қағидасын талап етеді.
Ал сіз биыл шетелге шығуды жоспарладыңыз ба?