Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысты, деп хабарлайды ozgeris.info.
Мұрат Құсайынов Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесінде дауыс берген.
Мұрат Құсайынов бұл күннің еліміздің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті:
«Бүгін біздің мемлекетіміз үшін айтулы күн. Ел бірлігі біздің қолымызда. Мен референдумға келіп, елдің мүдделері мен азаматтардың әл-ауқатын басшылыққа ала отырып, өз таңдауымды жасадым. Бұл біздің еліміздің және біздің ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», — деп атап өтті танымал композитор.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін еліміз бойынша АЭС құрылысы мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Қазақстан азаматтары сайлау учаскелеріне сағат 20:00 дейін келіп, елдің болашақтағы дамуына әсер ететін таңдау жасай алады.
Ақпарат qazaq.today сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ