Жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Нұрбек Оралбайға тон кигізді

Бокстан 80 келіге дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған боксшы Нұрбек Оралбайға Димаш Құдайбергеннің ата-анасы құрмет көрсетті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Әлеуметтік желіде әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтар Париж Олимпиадасынының бокстан күміс медаль иегері Нұрбек Оралбайға құндыз тонды сыйға тартқан видео тарады.
«Мына құндыз тон арнайы саған атаң жасатып алды. Өзіңе шап-шақ екен. Ал Айбекке інісіне қолдау көрсеткені үшін оған да бір ат мінгіземіз», - деді Қанат Айтбаев.
Барлық жаңалық