«Дауысына ғашық болдым». Мақпал Жүнісова Сембек Жұмағалиевпен қарым-қатынасын түсіндірді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова «Ғашықтар әнінің» орындаушысы, әріптесі Сембек Жұмағалиев туралы ойын айтты. Өнер иесі оның дауысына ғашық болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында Сембек Жұмағалиевтің екі видеосын жариялап, ел көкейіндегі сұраққа жауап берді.

Желі қолданушылары қос әртістің кезінде бір-біріне деген сезімі болғанын болжап жазды. Бұл пікірге эстрада жұлдызы бірден жауап берді.

«Мен тек оның дауысына ғашық болғанмын», — деп қысқа жауап берді әнші.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Оған қоса Жүнісова өнердегі әріптесі туралы ойын да айтты. Сөзінше, бүгінде екеуінің арасында достық пен жақсы шығармашылық байланыс орнаған.

«Менен 10 жас үлкен деп «аға» деуші едім. Ақыры 20 жас үлкен ағаң қағып алды ғой», — деп жазды өнер иесі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)