Жаңалықтар

Дамир Ысмағұлов Алматыда жекпе-жек өткізеді

UFC тұжырымының бұрынғы жауынгері Дамир Ысмағұлов (24-3) келесі жекпе-жегін Алматыда Hardcore FC тұжырымының турнирінде өткізеді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 13 шілдеде болатын турнирде оның қарсыласы ресейлік Дмитрий Климов болмақ. Ысмағұлов соңғы жекпе-жегін кикбоксинг ережесі бойынша «Наше дело» 82 турнирінде өткізіп, ресейлік Эдуард Вартаняннан ұпай санымен жеңілген еді. Айта кетейік, бұл турнирдің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы Мұратбек Қасымбай мен Диего Брандао чемпиондық белбеу үшін кездеседі.
Барлық жаңалықтар