«Бишімбаевтың жанұясы өздігінен алимент төлемейді»: Назым Қаһарман ақша сұрап шаршағанын айтты

Фото: видеодан скрин

Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Қаһарман күйеуінің отбасы алимент төлемей жатқанын айтып, арнайы видео түсірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Назым Қаһарманның айтуынша экс-күйеуінің отбасы алимент төлеуден үзілді-кесілді бас тартқанын ерекше айтып өтті.

«Былтыр балалардың демалысына, психологқа ақша төленген жоқ. Мен барлық чекті жібердім. Бір жарым жыл ішінде әжептәуір ақша жиналып қалды. Мен оны адвокат Ғазымжанов мырзаға жібердім. Бірақ олар елеусіз қалдырды», — деді Назым Қаһарман.

Оның айтуынша, дәрігерлерге бару мен дәрумен алуға да ақша төленбеген.

2020 жылы ажырасу кезінде Бишімбаевпен алимент туралы жасалған келісім сақталмаған.

«Мен оны үнемі есіме салып отыруым керек. Адвокат Баянға жазуым керек. Мысалы, бүгін 28 наурызда дәл қазіргі сәтте наурыз айына бөлінуі тиіс алимент әлі аударылмаған. Олар өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында ғана азды-көпті жүйелі түрде алимент төлей бастады», — деді ол.

Ол сөз арасында жұрттың айыптауларына қатысты да жауап беріп өтті. Айтуынша, экс-күйеуінің түзеліп кетеді деген үмітпен ұзақ уақыт некеде болғанын тілге тиек етіп өтті.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев өткен жылы азаматтық некедегі жұбайын өлтіргені үшін 24 жылға сотталып кеткен болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)