Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны ата-ана құқығынан айырғысы келеді

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырғысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Назым Қаһарманның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа арызданған. Сот оны қабылдамаған, себебі Салтанат Нүкенова Бишімбаевтың заңды әйелі емес, яғни ол өзінің туысын немесе отбасы мүшесін өлтірген болып саналмайды.

Сонымен қатар Назым Қаһарман балаларының тегін өзгертуді қалаған, бірақ бұдан да бас тартылған.

«Өкінішке қарай, мен қазір бәрін ашуға мәжбүрмін, өйткені көмек сұрағым келеді. Менің ойымша, бұл (соттың бас тартуы — еск.) әділетсіз болды. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгініп тұрмын — біздің сотқа назарын аударыңыз», — деп қосты Каһарман.

Фото: youtube/@Assel_Kozhakova


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора