✅ Пайдалы

Билетің болса да ұшаққа мінгізбейді. Овербукингке тап болғанда не істеу керек?

Біздің елде авикомпанияларға ағайынның өкпесі қара қазандай. Әуежайдағы айқайға көз үйренді. Біреу жүгін өткізе алмай әуреленсе, енді бірі кешіккені үшін ұшаққа кіре алмай жыларман болады. Ал аэропортқа екі сағат бұрын келіп, билетіңіз бола тұра ұшаққа кіре алмасаңыз не істейсіз? Ozgeris.info тілшілері зерттеп көрді. Overbooking деген — авиакомпания бір ұшаққа артық билет сатады. Мысалы, ұшақта 180 орын болса, олар әдейі 185-190 билет сата салады. Бұл көп адам білмейтін, бірақ жиі кездесетін авиақулықтың заңды түрі Неге олар олай істейді? Себебі кейбір жолаушылар келмей қалуы мүмкін (жоспар өзгерді, ұшаққа кешікті, т.б.). Сонда ұшақ бос орынмен ұшпайды. Компания тиісінше ақша жоғалтпайды. Авиакомпаниялар осындай статистикаға сүйеніп өздеріне оңтайлы қадамдарға барады. Әр рейсте 2-5 адам міндетті түрде келмейтіні дәлелденген тұжырым. Екінші себеп, белгісіз жағдайға байланысты жоспарланған ұшақ ауысып кетуі мүмкін. Мысалы 180 орындық ұшақтың орнына 168 орындық ұшақ келеді. Егер барлық жолаушылар келіп қаса ше? Сіз аэропортқа уақытылы келдіңіз. Алдын ала тіркеуден дер кезінде өттіңіз. Бірақ ұшаққа отырғызу кезінде ең соңында қалып қойсаңыз ұшаққа кіргізбеуі мүмкін. Бұл жағдайда кім отырғызуға ең соңынан келеді, сол құрбан болады. Авиякомпаниялар бұл туралы ереже мен құқықтарда жазып қойған. Яғни олар өздерін заң жүзінде қорғай алады. Мұндай жағдайда не істеу керек? Бірақ жолаушыларда да құқық бар. Олар әуекомпаниядан:
  • компенсация өндіріп ала алады;
  • басқа рейске тегін билет алуға болады;
  • кешігу уақытына байланысты тамақ, қонақ үй, трансфермен қамтамасыз етуге міндетті;
  • әуекомпания келтірілген шығынды өтеуден бас тартса барлығын камераға түсіріп тамаққа, қонақүйге кеткен ақшаны жазып алу керек;
  • сіз сотқа шағым түсіріп, талап қою рәсімінде қаражатты өтей аласыз;
  • ең бастысы сабырлы болыңыз. Әуекомпаниямен айқайласып опа таппайсыз.
Кеңес Gate-ке ерте барыңыз. Шамамен 45-60 минут бұрын. Әсіресе Бали, Дубай, Ыстамбұл секілді бағыттарда овербукинг жиі болады. Ұшаққа ең соңынан отырмаңыз. Отырғызу кезінде жанталасып мінетін жандардың қатарында болу керек.  
Барлық жаңалық