Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданына қарасты 12 ауылдың тұрғындары ауыз судан қиындық көрді — су құдықтары су астында қалды.
Жағдайға байланысты коммуналдық қызметкерлер түсініктеме берді.
«Оның ішінде ұңғымаға апаратын 19 электр желісінің тірегі бұзылды. Қазір су қоймасындағы қор 15 күнге жетеді. Біз күніне үш рет бес текшеге қызмет етеміз. Әзірге қалпына келтіру жұмыстарын бастауға мүмкіндік жоқ. Тіректер су басқан жерде орналасқан», — деп түсіндірді коммуналдық кәсіпорынның қызметкері Темірболат Құсанов.
Әкімдікте су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылғанын хабарлады.
«Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін алты су тасушы тартылды, өзендегі су тартылған кезде барлық құрылыстарды тазартып, ауылдарды орталықтандырылған су құбырына қосамыз», — деді аудан депутаты Бейімбет Ғиззатов.
ПІКІР ЖАЗУ