Жаңалықтар

"Бандит" деп жауыз қылды": Абзал Шынасыл өзінің қарапайым бала екенін айтып, наразылық танытты

Сот отырысында Шерзаттың өліміне басты айыпталушы Шынасыл Абзал түрін көрсетуге қарсы болмады. Ол жігіттермен тергеу алдында кімге қандай жауапкершілік алатынын бөлісіп алғанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Күдіктіге адвокат тарапынан "Хуторлық" қылмыстық тобына сіздің қатысыңыз бар ма?" деген сұрақ қойылды.
"Жоқ, осы туралы айтып өтсем, БАҚ-та мені "бандит, хуторский" деп жауыз қылып жіберді. Менің ешқандай қатысым жоқ. Қарапайым ауылдың баласымыз. "Хутор" – деген ауылдың бұрынғы аты, қазір Т.Рысқұлов деп аталады. Білмеймін, неге олай айтып жатқандарын", – деді Абзал Шынасыл.
Ол өзіне тағылған айыпты жартылай ғана мойындап отыр. Әрі Шерзатқа емес, ағасы Нұрқанатқа үш рет пышақ тыққанын, оны да өлтіру мақсатында емес, ашуланғанан кейін осындай қадамға барғанын сөз етті.
Барлық жаңалық