Азия чемпионы болған қазақ боксшысы спорттан шеттетілді

Фото: Pixabay.com

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Дамир Тойбай спорттан 2 жылға шеттетілді, деп жазады ozgeris.info тілшісі.

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қазақстандық спортшы Дамир Тойбайды екі жылға жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдады. Спортшыны шеттетуге себеп – антидопингтік ережелерді бұзуы. Халықаралық допингке тестілеу агенттігінің (ITA) есебіне сәйкес, Тойбай өзінің орналасқан жері туралы міндетті ақпаратты ұсынбаған, бұл антидопингтік ережелерді қатаң бұзу болып саналады. IBA боксшыны 2026 жылдың 5 маусымына дейін спорттан шеттету туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, Дамир Тойбай 2018 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған, ал 2019 жылы жастар арасындағы Азия чемпионы атанған еді.