Психосоматик әрі ақын Асылзат Арыстанбек Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында, өз өлеңін композитор Бауыржан Есебаев рұқсатынсыз өз меншігіне қосқаны туралы ашық айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Арыстанбектің айтуынша: «Көп жағдайда ән мәтінінің авторлығын елемеу немесе назардан тыс қалдыру әлі де өз орнын табуда. Мысалы, менің бір кездері жастар арасында кеңінен таралған “Үндемейсің” немесе “8 701…” деп аталатын өлеңімді, композитор Бауыржан Есебаев рұқсат сұрамай, өзіне меншіктеп алған. Ол өлеңімнің идеясы мен сөздері арқылы сол кезеңнің рейтингі жоғары бағдарламаларына дәм беріп, көп талқыланған оқиғаға айналды. Ол маған “ешкім оқымайтын өлеңімді әнге айналдырғаныма қуанбайсың ба?” деп айтқан еді».
Арыстанбек келесі мәселелерге назар аудартты:
Бауыржан Есебаевтың қателігі сол, менен рұқсат сұраған жоқ. Сұрамаса да интернетте кімнің өлеңі екені көрініп тұр. Екіншіден, одан кейін «бұл өлеңнің авторы мен ғой» дегенде де «кешір, айналайын, білмей қалдым, авторын жазып қояйын» деп, азаматтық танытып қоюға болатын еді. Үшіншіден, өлеңімнің сөздерін рұқсатсыз өзгертіп, өзінікі деп пайдаланған.
Ақын өз сөзінде: «Мен бет-жүзін көрген жоқпын және дауласуға түспеймін. Менің шығармашылығым – менің меншігім. Өлеңімнің бағасы қаншалықты болсын, оны біреу өзіне иелік етуге құқығы жоқ. Қазіргі әншілер мен әніш-сазгерлер арасында ақынға деген сыйлықтың жетіспеушілігі байқалады: концерттерде автор атын айтпай, ән мәтінін өздері жасағандай көрсету, ақынның еңбегін бағаламау – бұның барлығы бірдей мәселе», — деді Асылзат Арыстанбек.
Сонымен қатар, “8 701…” деп аталатын өлеңіне жазылған әнді шырқаған Еркін Нұржанов пен Сырым Исабаевтың да ақынмен байланысқа шықпағанын айтты.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру