«Қазақтың дәстүрінде болмаған». Министр вице-премьердің аты-шулы мәлімдемесіне жауап берді

xceded
bdd

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің «Шегіртке халал, оны жеуге болады» деген аты-шулы мәлімдемесіне пікір білдірді, — деп хабарлайды ozgeris.info

Үкімет отырысынан соң министрге «Өткен аптада премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин «Шегіртке халал» деп атышулы мәлімдеме жасады. Ол біраз сынның астына қалды.

«Әріптестер, сіздерді құрметтеймін. Бұл сұрақты комментарийсіз қалдырсам. Әрбір мемлекеттің өзінің дәстүрі бар. Шегірткені жеу қазаққа тән емес дәстүр деп білемін. Сондықтан қазір «Оның зияны, пайдасы бар, халал, халал емес» деп айтуға дайын емеспін. Бұл менің құзыретіме кірмейді», — деді министр.