Қазақстандық жекпе-жек жауынгері UFC-мен келісімшарт жасасуға жақын

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Дияр Нұрғожай UFС тұжырымына жолдама беретін Dana White’s Contender Series турниріне қатысады.

Кейінгі жекпе-жегінде әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын PFL тұжырымының экс-чемпионын нокаутпен ұтқан Дияр Нұрғожай UFС тұжырымымен келісімшарт жасасуға жақын. Отандасымыз қыркүйек айында өтетін Dana White’s Contender Series турниріне қатысады. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын спортшымыз жекпе-жекте жеңіске жетсе, бірден лигамен келісімшартқа отырады. Бұл турнирде Дияр поляк спортшысына қарсы шығады.

Айта кетейік, Дияр Нұрғожай Eagle FC тұжырымының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы болған. Ол 9 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен еді.